«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫППҰЛ САЛЫНБАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы темір жол билеттерін қайтарғандарға енді айыппұл салмайтын болды.

– Жолаушының сапардан бас тартуына байланысты жол құжатын қайтарып бергені үшін 1000 теңге көлемінде ақша ұстау алынып тасталды. Бұл шара билеттердің жаппай қайтарылуын алдын алуға және алыпсатарлармен күрес мақсатында қолға алынды, – дейді “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамының атқарушы директоры Едіге Мыханов. 
Сонымен қатар мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың сапарына қатысты өзгерістер енгізілді. Олар әлеуметтік маңызы бар бағыттарға билетті 50 пайыздық жеңілдікпен сатып алады. Ал коммерциялық бағыттар бойынша бәрі тасымалдаушының көзқарасына байланысты. 
2018 жылы “Жолаушылар тасымалы” АҚ пойыз билетін қайтарып бергендерге 1000 теңге айыппұл салатынын хабарлағаны белгілі. 

tengrinews.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp