Солтүстікқазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин Люксембургтің Шиффланж қаласында өткен халықаралық турнирде алдына жан салмай, алтын медальды олжалады.
Еуропалық жеңіл атлетикалық қауымдастықтың ұйымдастыруымен өткен доданың қорытындысы бойынша еліміздегі ұлттық құрама команданың өкілі 400 метр қашықтыққа жүгіруден сынға түсіп, бірінші орынның иегері атанды. Францияның спортшысы Кристофер Налиали – екінші, ал америкалық спринтер, жеңіл атлет Майкл Берии үшінші орынды қанағат тұтты.
Айта кетерлік жайт, осыдан бірнеше күн бұрын, яғни бұл жарысқа дейін Михаил Польшаның Щецин қаласында өткен 1964 жылы Жапонияның астанасы – Токио шаһарында өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Веслав Манякты еске алуға арналған II мемориал барысында екінші орынды еншілеген болатын.
https://olympic.kz/