«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР ЖЕҢІЛІП, БІР ЖЕҢДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматыдағы “Halyk Arena” спорт кешенінде хоккейден ел кубогы үшін жарыс өтіп жатыр. Он команда екі топқа бөлініп, бас жүлде үшін тартысқа түсуде. “Qulager” хоккей клубы “Аqtóbe” командасымен кездесті.

Алғашқы шайбаны жерлесіміз Дамир Рамазанов салды. Дегенмен, үш минут өтер-өтпес уақытта қарсылас команданың ойыншылары есепті теңестірді. Бұдан соң қызылжарлық шабуылшы Илья Ахметовтің пасын ұтымды пайдаланған Денис Стасюк нысананы дәл көздеп, командасын алға шығарды. Ойынның соңғы минутында ақтөбеліктер тағы да таразы басын теңестірді. Осылайша, овертайм жарияланып, кездесу қақпашымыз Дмитрий Хозяшевтен айласын асырған қарсыластардың пайдасына шешілді. Есеп – 2:3.
Екі күн өткен соң Олег Гущиннің тәрбиеленушілері “Almaty” командасымен сайысқа түсті. Ойын жайлы толығырақ газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp