«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕМЕКІГЕ ТЫЙЫМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздегі жолаушыларды тасымалдауға арналған ережелерге өзгертулер енгізілді. Осыған байланысты енді пойыздарда темекі шегуге тыйым салынған.

«Павлодар» бекетіндегі желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, әуелде жолаушылар пойыздарында шылым шегуге қатысты қатаң ережелер, талаптар болған жоқ. Бірақ пойыздың бұл түрі қоғамдық көліктің түріне жататындықтан, ережелерге нақты өзгертулер енгізілген еді. Бүгінгі күннен бастап осы өзгерістер заңды күшіне енді.
-– Тек қана бекеттердің аялдамаларында, тұрақтарында ғана шылым шегуге болады. Осы ережені елемеген адамдар 441-ші бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни, үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді, – дейді «Павлодар» бекетінің желілік полиция бөліміндегі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Архат Күленов.
Тәртіп сақшылары жолаушыларды тасымалдауға арналған ережелерді бұзған адамдарға алғашқыда ескерту жасайтынын айтты. Бірақ кейін мұндай кісілерге айыппұл салынбақ.


Nur.kz  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp