Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі қызметі бүгіннен бастап қазақстандық бес кәсіпорыннан шектеуді алып тастады.
Олар: «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «ADM Investment» ЖШС-і, «Ордабасы-Құс» ЖШС-і, «Париж коммунасы XXI» ЖШС-і, ҰКП «Kazakh Osseter» ЖШС-і. Сондай-ақ, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 15 қазақстандық кәсіпорыннан 3 айлық мерзімнің аяқталуына байланысты күшейтілген зертханалық бақылау режімін алып тастады. Олар: «МясКом», «Кублей», «Кузьмич», «СейНАР», «Шарбақты құс», «Каспий балық», «Өскемен», «Компания Камертон», «Молпродукт», «Сергеевка сүт өнімдері», «Magic fish», «Элипс Сифуд», «Солярис сифуд» ЖШС-лері, «Калинин М.С.» ЖК, «Алматы балық зауыты» ПК. Осының арқасында жоғарыда аталған кәсіпорындар ресейлік серіктестермен сауда қатынастарын қалпына келтіріп, өз өнімдерін экспорттай алады.
https://www.inform.kz