«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.08.2019

ІШІМДІК — ЖАНЖАЛҒА СЕБЕП

Өңіріміздің тәртіп сақшылары “Тұрмыс” жедел-алдын алу шарасын өткізді. Жеті күн бойы үйлерді аралаған полиция қыз­меткерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 41 фактісін анықтады. От­басындағы қатыгездіктің 22 құрбаны сенім телефонына хабарласса, 94-і аумақтық бөліністерге жүгінген. 

БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

      Берік отбасы – қоғам тұрақтылығының кепілі, мемлекеттің байлығы. Сондықтан да болашақтың бағбандары саналатын жас құрақтай өсіп келе жатқан жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттаудың маңызы зор. Өкінішке қарай, қазіргі таңда осы мәселеге жүрдім-бардым қарайтындар көбейіп отыр.   

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІН АРАЛАДЫ

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс орталығындағы медициналық мекемелерде болып, емдеу ұйымдарының материалдық-техникалық базасымен танысты.

МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР

Өңірімізде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жасалатын заңбұзушылықтар 6,9 пайызға артып, мал ұрлау мен қоғамдық орындарда тонау фактілері көбейген. Әсіресе, Ақжар, Ғ.Мүсірепов және Қызылжар аудандарында өзгенің өрісіне көз салушылар азаймай отыр.

ТӘРБИЕ — ТАЛ БЕСІКТЕН

Отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды “сегіз қырлы, бір сырлы” жігіт етіп тәрбиелеуге баса назар аударған. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына “сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен” деген сөздерді құйып отырған. Ал дүниеге қыз келсе, оларды жастайынан жат жұрттық деп, …

ТӘРБИЕ — ТАЛ БЕСІКТЕН Read More »

ЖЕҢІМПАЗДАР ҰСТАХАНАСЫ

Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернаттың қабырғасы 1997 жылы қаланған болатын. Содан бері бұл білім ошағында талай өреннің қанаты қатайып, үлкен спортқа жолдама алды. Жуырда интернатқа олимпиадалық резервтегі колледж дәрежесі берілді. 1 қыркүйектен жұмысын бастайтын колледж өңіріміздегі спортқа құмар өрендерден жаттықтырушылар даярлап шығаруды көздеп отыр.

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Білім күні қарсаңында СҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің мамандары М.Жұмабаев ауданындағы Полудино балалар үйінде болып қайтты. Тәрбиеленушілерге мектепке қажетті оқу құралдарын сыйлап, дәмді тағамдар әкелді. Ал балалар қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.

КӘСІПҚОЙЛАР

ЖАТТЫҒУҒА КІРІСТІ Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастады. Бұл туралы отандасымыз “Instagram” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жаз­ды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоржында — 10 медаль Ташкентте жеңіл атле­тикадан Өзбекстанның ашық кубогы аяқталды. Ха­лықаралық турнирде отан­дастарымыз 3 ал­тын, 4 кү­міс және 3 қола ме­даль жеңіп алды.

ҚОС БӘЙТЕРЕК

Адам – ұрпағымен бақытты. Саналы, салиқалы бала тәрбиелеп, оны елдің азаматы етіп өсіру әр ата-ана үшін үлкен жауапкершілік, абыройлы міндет. Бұл орайда, Уәлиханов ауданындағы Бидайық ауылында тұратын жапырағы жайқалған мәуелі бәйтеректей Мұхамедияровтар әулетін көпке үлгі етуге болады. 

ЖЕР ДАУЫ ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында жер қорларын ұтымды пайдалану жайы талқыланды.

ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗҒАНДАР

Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жүргізген рейд барысында түн ты­ныш­тығын бұзғандар тексерілді. Ша­қыр­ту бойынша тәртіп сақшылары қаланың шеткері ауданындағы дәм­ханаға барды. Мекеме иесі орнында болмай шықты және қо­ңы­рауларға жауап бермеді. Тәр­тіп сақшылары Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 437-ші бабы “Тыныштықты бұзу” фактісі бойынша материал жина­ды. Аталған бапқа сәйкес түнгі са­ғат 23 …

ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗҒАНДАР Read More »

АРЗАНЫН АЛАМ ДЕП АУРУ ЖҰҚТЫРЫП ЖҮРМЕ

Айнұр әлі бір жасқа толмаған сәбиіне қоспа алу үшін дүкенге бас сұқты. Сөрелерде самсап тұрған, әдемі қорапшалармен қапталған азық-түлік өнімдері көздің жауын алады. Баласының күнделікті тағамына айналған қоспаны тауып, өндіруші кәсіпорынның аты жазылған тұсты оқыды да әлденеден сезіктенгендей орнына қайта қойды. Иә, қазіргі уақытта Айнұр сияқты тағам сапасына алаңдайтындардың қатары аз емес. Оның басты себебі …

АРЗАНЫН АЛАМ ДЕП АУРУ ЖҰҚТЫРЫП ЖҮРМЕ Read More »

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СПАРТАКИАДАСЫ

Облыс орталығында медицина қызметкерлері спартакиадасы аясында жеңіл атлетикадан қалалық турнир өтті. Биыл жарысқа қатысуға 12 мекеменің қызметкерлері ниет білдірген. Олар ұзындыққа секіріп, 60 және 100 метр қашықтыққа жүгірді.

ЖАҢА МАЗМҰН — ЖОҒАРЫ ТАЛАП

Жаңа оқу жылы қарсаңында өткенді қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындап алудың маңызы зор. Жүріп өткен жолымызға көз жүгіртсек, тәуелсіздік жылдары білім беру жүйесінде де ұлан-ғайыр істер атқарылғанын аңғарамыз. Түрлі бастамалар қолға алынып, кейбір заңнамаларға тиісті өзгерістер енгізілді. Оқу үрдісіндегі жаңашылдықтармен қатар балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін мектептерді жөндеу жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуде. Биыл …

ЖАҢА МАЗМҰН — ЖОҒАРЫ ТАЛАП Read More »

ҚАРЫЗДАРЫ КЕШІРІЛЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысында 21 мыңнан астам адам салықтық рақымшылыққа ілігіп, олардың қарызының бір бөлігі кешіріледі. Мемлекет басшысының салықтық рақымшылық туралы Жарлығына сәйкес, ел тұрғындарының 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салықтары бойынша өсімақылары есептен шығарылады. 13 тамыздан бастап өсімақы сомасын есептен шығару ережелері қолданысқа енгізілді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, акция жыл соңына …

ҚАРЫЗДАРЫ КЕШІРІЛЕДІ Read More »

САПАҒА СЫН КӨП

“Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесінің кезекті отырысында жол мәселесі сөз болды. Биыл облыс жолдарын жөндеу жұмыстарына бюджеттен 37 млрд. теңге бөлінді. Алайда, тұрғындар тарапынан бұл іске жауапты мемлекеттік органдардың, мердігер компаниялардың салғырт жұмысына қатысты көңіл толмаушылық бар.

ЖҮРМЕЙТІН КӨЛІККЕ ЖАНАРМАЙ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Шал ақын ауданының Аютас және Юбилейный ауылдық округтерінің әкімдері Руслан Кәрiмов пен Серiк Балахметов өткен жылдың желтоқсан айында елді мекен жолдарын қардан тазарту бойынша жеке кәсіпкермен келісімге отырып, сол күні жұмыстың орындалғаны жөнінде актіге қол қойып, тиісті қаржыны аударған. Ақшаны қалтасына басқан кәсіпкер міндетін ұмытып, жолды қардан тазаламақ түгіл, төбе көрсетпепті. Кеңес мүшелері ақылдаса келе, …

ЖҮРМЕЙТІН КӨЛІККЕ ЖАНАРМАЙ НЕ ҮШІН КЕРЕК? Read More »

МӘНЕРЛЕП ОҚУДАН САЙЫС

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде қалалық өрт сөндіру бөлімшелері мен департаменттің жас қызметкерлері арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті. 

БІЛІКТІ БРИГАДИР

“Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыс орталығының тұрғындарын тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отырған стратегиялық маңызы зор кәсіпорын. Бүгінгі күні серіктестікте бір мыңға жуық маман қызмет етуде. Солардың бірі – жөндеу-механикалық шеберханасының бригадирі Бердімұрат Дүйсембаев.