Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде қалалық өрт сөндіру бөлімшелері мен департаменттің жас қызметкерлері арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті.
Поэзиялық байқауға қатысушылар Отан, елге қызмет тақырыптарына жазылған өлеңдерді оқыды. Мәнерлеп оқушылар қазылар алқасының төрелігіне Мағжан Жұмабаев, Александр Пушкин секілді көрнекті ақындардың шығармаларын ұсынды. Жарыс барысында қатысушылардың оқу мәнері, шығарманы таңдауы, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеті ескерілді.
Қатысушылардың арасынан қазылар алқасының мүшелеріне үздіктерді таңдау қиынға соқты.
Дегенмен, мамандардың көңілінен шыққандардың арасында бірінші орынды азаматтық қорғау бөлімінің офицері лейтенант Бағлан Ұзақов, екінші орынды ТЖБ офицері лейтенант Әлібек Борамбаев, үшінші орынды Петрапавл қалалық №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Мінайдар Омаров иеленді. Шара жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сонымен қатар, байқауға қонақ ретінде шақырылған ардагерлер кеңесінің мүшелері жас мамандарға қолдау көрсетіп, өз кеңестерімен бөлісті.