«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАТ АҒЫМ ЖОЛДАН АДАСТЫРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері солтүстікқазақстандық жастармен кездесті. Олар дін саласына қатысты мемлекеттік саясатты жүргізу, жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру, радикалдану үрдісіне қарсы рухани иммунитет қалыптастыру тақырыбында әңгіме өрбітті.

Қазіргі уақытта теріс діни ағымның арбауына түскен азаматтардың саны күн санап артып барады. Олар шетел асып, деструктивті ағымның ықпалында кетіп, жат жерде өлім құшуда. Ақпараттық-түсіндіру тобы осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында өңірлерді аралап, жастармен кездесулер ұйымдастыруда. Топ мүшесі Толғанай Мұстафинаның айтуынша, көп жағдайда әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ, психологиялық қиындықтарға тап болған, жұмыссыз жүрген жастар теріс діни ағымдардың жетегінде кетіп жатады.
Шараға қатысқан мамандар жастар дәстүрлі емес діни ағымдардың құрсауына көбіне әлеуметтік желілер арқылы түсіп қалатынын жеткізді. Компьютерге телміргендер алаңсыз өмірді уәде ететін түрлі ағымға қызығушылық танытып, ақыры арбауға қалай түскенін білмей қалады. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері ұл-қыздардың мұндай келеңсіз жағдайға тап болмасы үшін зорлық пен зомбылықты насихаттайтын сайттарға кірмей, тек дәстүрлі діни орталықтарда білім алу керектігін ескертті.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp