Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында жер қорларын ұтымды пайдалану жайы талқыланды.
Облыстық жер инспекциясы басқармасының басшысы Бейбітбек Жайлыбаев күн тәртібіне ұсынылған мәселенің өзектілігін, ауыл шаруашылығы жерлері мен қорларын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Бүгіндері облысымыздағы қолданыстағы жердің жалпы аумағы 9, 8 млн. гектарды құраса, соның ішінде 7 млн. гектары ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуда. Бұл жерлердің 4,9 млн. гектары – егістік, 1,9 млн. гектары жайылымдық болып табылады. Қазір оның 22,7 пайызына өңіріміздегі 3016 шаруа және фермерлік қожалығы, ал 76 пайызына 736 серіктестік иелік етіп отыр. Алайда, жерді мақсатты пайдаланбай отырғандар да бар, – деді Бейбітбек Шыңдалыұлы.
Жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді жүзеге асыру жоспарына сәйкес, 2015-2019 жылдары облысымыздың 2,9 млн. гектарды құрайтын жер қорына 1887 талдау жүргізілді. Басқарма жүргізген бұл сарапталық шаралардың барысында 985 кемшілік орын алғаны анықталды. Атап айтқанда, жер жалға берілгенімен, оның игерілмей тұрғандығы анықталды. Жергілікті атқарушы органдардың қолданған шаралары нәтижесінде 658,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бүгіндері мақсатты пайдаланылмай жатқан тағы 43,3 мың гектар жер басқарманың бақылауына алынған.
Аталған заң бұзушылық бойынша әкімшілік іс қозғалады. Бұған қоса, тіркелген деректер негізінде хаттама толтырылып, жеке тұлғаға айыппұл салынады.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.