«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПҚОЙЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ЖАТТЫҒУҒА КІРІСТІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастады. Бұл туралы отандасымыз “Instagram” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жаз­ды.

Қазақстандық боксшы жеке жаттықтырушысы Джонатан Бэнкс­тің жетекшілігімен Кали­фор­ниядағы “Big Bear Lake” ла­ге­рінде жаттығу өткізді. Оған Ген­надиймен бірге, тағы бір қазақ­стандық боксшы Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) те қатысты.
Отандасымыз үстіміздегі жыл­дың 5-ші қазан күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы “Madison Square Garden” аренасында ук­раиналық Сергей Деревянченко­мен (13-1, 10 КО) қолғап түйіс­ті­реді.

ТАҒЫ ТОП ЖАРДЫ

Солтүстікқазақстандық велошабандоз, “Astana Pro Team” кәсіпқой велокоманда­сы­ның мүшесі Алексей Луцен­ко тағы да жеңімпаз атанды.
“Норвегияның Арктикалық жа­рысы” велокөпкүндігінің соң­ғы жарыс күнінде спортшы­лар Лединген мен Нарвик қала­ларын жалғаған 165,5 шақырым қашықтықты жүріп өтті. “Uno-X Norwegian Development Team” командасының өкілі Маркус Хел­гаард бұл кезеңде мәре сызығын бірінші болып кесті. “Джумбо-Висма” командасының мүшесі Амунд Грендаль Янсен екінші орынға ие болса, үздік үштікті Алексей Луценко түйіндеді.
Төрт кезеңді 14 сағат, 59 ми­нут және 27 секундта жүріп өткен Алексей Луценко велокөпкүндік­тің жалпы есебінде көш бастаған “Team Arkea Samsic” клубының өкілі Варран Баргиді басып озды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp