«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗҒАНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жүргізген рейд барысында түн ты­ныш­тығын бұзғандар тексерілді. Ша­қыр­ту бойынша тәртіп сақшылары қаланың шеткері ауданындағы дәм­ханаға барды. Мекеме иесі орнында болмай шықты және қо­ңы­рауларға жауап бермеді. Тәр­тіп сақшылары Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 437-ші бабы “Тыныштықты бұзу” фактісі бойынша материал жина­ды. Аталған бапқа сәйкес түнгі са­ғат 23 пен таңғы 6 аралығында тыныштық бұзылса, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 15 ай­лық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді.

– Бір түн ішінде сегіз көңіл көте­ру орны тексерілді. Олардың әкімшілерімен кездесіп, азамат­тар­дың тыныштығын бұзғаны үшін көзделетін жауапкершілік тү­сіндірілді, – дейді Петропавл қа­ла­лық полиция басқармасы жер­гілікті полиция қызметі бөлім бас­тығының орынбасары, полиция под­полковнигі Айдын Ақмағамбе­тов.
Сонымен қатар Қазақстан Конс­ти­ту­циясы көшесінде, Жұ­мыс­шы және Заречный кенттерін­де жастардың көп жиналатын орындары тексерілді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкіл­дерінсіз сыртта жүруінің жеті фактісі анықталды. Тағы екі жас­өспірімнің ата-аналары балала­рының қоғамдық орындарда ішім­дік ішкені үшін жауап беретін бо­лады. Тәртіп сақшылары жыл ба­сынан бері тыныштықты бұзған 863 адамды әкімшілік жауапкер­шілікке тартты.

 

Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp