«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІШІМДІК — ЖАНЖАЛҒА СЕБЕП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздің тәртіп сақшылары “Тұрмыс” жедел-алдын алу шарасын өткізді. Жеті күн бойы үйлерді аралаған полиция қыз­меткерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 41 фактісін анықтады. От­басындағы қатыгездіктің 22 құрбаны сенім телефонына хабарласса, 94-і аумақтық бөліністерге жүгінген. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құр­бандары “бас жарылса, бөрік ішінде” деген ойдан аса алмай, бұл қорлыққа жылдар бойы шыдауы мүмкін. Сондықтан поли­цей­лер түсіндіру жұмысына баса мән беріп отыр. Қыз-меткерлер екі мыңға жуық кез­десу өткізіп, нәзік жандарға өздері мен ба­лаларын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай қорғау керектігі жайлы жадынама­лар таратты.

Петропавл қаласының 1962 жы­лы туған тұрғынына күйеуі күн сайын зорлық-зомбылық көрсетеді екен. Мұның салдарынан әйелдің денсаулығы сыр берген. Полицейлер бірден “Әйелдерді қолдау орталығына” хабарласып, оған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанадан орын берілді.

 

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті

баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp