Өңіріміздің тәртіп сақшылары “Тұрмыс” жедел-алдын алу шарасын өткізді. Жеті күн бойы үйлерді аралаған полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 41 фактісін анықтады. Отбасындағы қатыгездіктің 22 құрбаны сенім телефонына хабарласса, 94-і аумақтық бөліністерге жүгінген.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары “бас жарылса, бөрік ішінде” деген ойдан аса алмай, бұл қорлыққа жылдар бойы шыдауы мүмкін. Сондықтан полицейлер түсіндіру жұмысына баса мән беріп отыр. Қыз-меткерлер екі мыңға жуық кездесу өткізіп, нәзік жандарға өздері мен балаларын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай қорғау керектігі жайлы жадынамалар таратты.
Петропавл қаласының 1962 жылы туған тұрғынына күйеуі күн сайын зорлық-зомбылық көрсетеді екен. Мұның салдарынан әйелдің денсаулығы сыр берген. Полицейлер бірден “Әйелдерді қолдау орталығына” хабарласып, оған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанадан орын берілді.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті
баспасөз қызметінің бас маманы.