«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жасалатын заңбұзушылықтар 6,9 пайызға артып, мал ұрлау мен қоғамдық орындарда тонау фактілері көбейген. Әсіресе, Ақжар, Ғ.Мүсірепов және Қызылжар аудандарында өзгенің өрісіне көз салушылар азаймай отыр.

Құзырлы орган өкілдері жарты жыл ішінде облыс аумағында орын алған заң бұзушылықтарды саралай келе, Петропавл қаласы мен Тимирязев ауданында қылмыстық ахуал нашар екенін анықтаған. Оларда жыл басынан бері 150-ге жуық құқықбұзушылық орын алыпты.
Өткен жылмен салыстырғанда әкімшілік құқықбұзушылықтар – 1,1 пайызға, жол-көлік оқиғалары 5 пайызға көбейген. Кәмелеттік жасқа толмағандарға да қатысты зорлық-зомбылық та тыйылмай отыр. Мұндай қылмысқа барған 11 адам тіркеуге қойылған. Мамандар педофилдер туралы мәліметті геоақпаратттық картадан білуге болатынын айтты.
– Геоақпараттық карта көпшілікке қолжетімді. Онда адамның аты-жөні, жасы мен фотосуреті көрсетіледі. Осы мәліметтің көмегімен тұрғындар қылмысқа барған адамдардың қайда тұратындығын, түр-сипатын біліп жүреді және мұқият болады, – деді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасы бастығының орынбасары Махаббат Кәрібайқызы.

  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp