«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.08.2019

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

  Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “ҚР Конституциясы: Қазақстанның Тәуелсіздікке жету барысындағы тарихи жолы” атты викторина өтті. Оған облыстық жастар бастамалары орталығының, “Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі жастар бастамалары бөлімінің, Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығының, “Жасыл ел” республикалық жастар еңбек жасақтарының штабы” мекемесінің СҚО бойынша филиалының және өңіріміздегі Қазақстан …

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ Read More »

АҚТЫҚ СЫНДА ОЙНАЙДЫ

Алматыдағы “Halyk Arena” спорт кешенінде хоккейден ел кубогы үшін жарыс өтіп жатыр. Бүгін “Qulager” хоккей клубы көкшетаулық “Аrlan” командасымен кездесті.

ЖАСТАР МЕН АРДАГЕРЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ

Облыс орталығындағы Спорт сарайында ардагерлер мен жастар арасында спартакиада өтті. “Жасыл ел” республикалық жастар еңбек жасақтарының штабы” мекемесінің өңіріміздегі филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға 16 адамнан құралған 4 команда қатысты. Дода барысында қатысушылар спорттың төрт түрінен күш сынасты.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өңірімізде Петропавл қаласы мен аудандар әкімдері аппараттарының ішкі қадағалау қызметі 85 шара өткізіп, мемлекеттік қызмет көрсету саласында 1998 заң бұзушылықты анықтады. Оның ішінде құжаттар толық болмаған жағдайда қызмет көрсетудің – 746, қажет емес құжаттарды сұратудың – 133, кәсіпкерлік үдерісін бұзудың 571 фактісі тіркелген. Тексеру аясында 239 ұсыным беріліп, 22 қызметші тәртіптік …

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ Read More »

«ТҰМАРЖАН» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Петропавл қаласындағы әл-Фараби мектеп-лицейінде жазғы демалыс уақытында «Тұмаржан» қазақ мектебі жұмыс істеп жатыр. Мұнда өзге ұлттың балалары бас қосып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, ән-жырымен, ұлттық аспаптарымен, бай әрі көркем тілімен жақынырақ таныса алады. Ұл-қыздар бауырсақ пісіріп, асық, тоғызқұмалақ ойнап, қобыз және домбыра сынды шекті музыкалық аспаптарда ойнауға үйренеді.

ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУДА

Оқу орнына құжаттарын әлі тапсырып үлгермеген мектеп түлектерінің тегін мамандық алып шығуға мүмкіндіктері бар. Мәселен, Петропавлдағы гуманитарлық-техникалық колледж нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша абитуриенттерді қабылдауда.

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Оқушылар сарайында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өңір ұстаздарының дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. 400-ге жуық жергілікті педагогтің басын қосқан шарада білім саласындағы негізгі бағыт-бағдар айқындалып, алдағы жоспар сараланды.

«ӨЗІМ ТУРАЛЫ» АКЦИЯСЫ

Өңірімізде «Мың бала» республикалық жобасы аясында латын әліпбиін қолдау мақсатында «Өзім туралы» акциясы іске қосылды. Оған сан түрлі этнос өкілдері қатысып жатыр. Аталмыш науқанға Қазақстан халқы ассамблеясының жастары да үн қосты.

ЕРІКТІ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР САЙЫСЫ

Ерікті өрт сөндіру топтарының даярлығын арттыру, теориялық білімдерін, тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында Ақжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімі Талшық ауылындағы 8-ші өрт сөндіру бөлімінде ерікті өрт сөндіру бригадалары арасында жарыс ұйымдастырды. 

ЖҮРЕГІНЕН ЖЫР ТӨГІЛГЕН

Қасиетті Қызылжар топырағында түлеп ұшып, қарымды қаламымен, ұшқыр ойымен әдебиет аламанына қосылған қаламгерлер шоғырында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тоқтар Зікіриннің де есімі жылы ілтипатпен аталады. С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ақынның 70 жасқа толуына орай “Жүрегінен жыр төгілген” атты оқырмандармен кездесу кешінде оның өмір жолы, шығармашылығы кеңінен әңгіме болды.

ТАЙ БОКСЫНАН «СОЛТҮСТІК КУБОГЫ»

Облыс орталығында тай боксынан «Солтүстік – 2019 кубогы» республикалық ашық турнир өтуде. Бұл жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен үміттерін үкілеген 300-ге жуық спортшы бақ пен бап таластыруда.

КӨМІР ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН

Облыс орталығында жылыту науқанына даярлық қызу жүріп жатыр. Көмір тапшылығы жоқ. Дегенмен 1 тонна көмірдің бағасы былтырғымен салыстырғанда 200 теңгеге қымбаттады. 

ЖАУАПКЕРШІЛІК БЕЛГІСІ

Полицейлер облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны Геннадий Морозовты белсенді азаматтық көзқарасы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады. Ол өзі тұратын жатақхананың кіреберісіне екі жыл бұрын өз қаражатына бейнекамералар орнатыпты. Ал жуырда оның камераларындағы бейнежазба ауыр қылмысты ашуға көмектесті.

ҚАМҚОРЛЫҚҚА РИЗА

Тәртіп сақшылары көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды мектепке дайындауға көмектесуде. Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері үш отбасыға барды. 

САЛДАРЫНАН ГӨРІ, СЕБЕБІМЕН КҮРЕСКЕН ТИІМДІ

Облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жер қатынастары және ауыл шаруашылығы жемқорлық оқиғалары ең көп тіркелген салалар қатарында. Бұл туралы алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың ХХХVI сессиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бастығы Ернар Баянғазин мәлімдеді. Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысты.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМГЕ АРНАЛДЫ

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, инклюзивті білім беретін бағдарламаларға барынша көңіл бөлініп отыр. Осы орайда Петопавлдағы №2-ші орта мектепте инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараға Петропавлдың 50-ге жуық мектебінің ұстаздары қатысты.

ІСКЕРЛІККЕ БАУЛИДЫ

Жаңа оқу жылында өңір студенттері мен жоғары сынып оқушылары “Кәсіпкерлік негіздері” пәнін оқитын болады. Қазіргі таңда мұғалімдер екі апталық курстан өтуде.

ҚАМҚОР ПОЛИЦЕЙ

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүкті келіншекті перинаталдық орталыққа дер кезінде жеткізуге көмектесті.