«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨМІР ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында жылыту науқанына даярлық қызу жүріп жатыр. Көмір тапшылығы жоқ. Дегенмен 1 тонна көмірдің бағасы былтырғымен салыстырғанда 200 теңгеге қымбаттады. 

Петропавл қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің түсіндіруінше, көмір тасымалдаушылардың бағаны көтеруіне байланысты қымбаттаған.
Мысалы, Шұбаркөл көмірінің бір тоннасы – 13,4-14 мың теңге. Қаражыранікінің де бағасы дәл осындай. Майкөбелік «қара алтының» құны 12,2 мың теңге болса, Екібастұз қаласынан әкелінетін көмірдің бағасы – 8,8 мың теңге.
Өткен жылдары көмір сату және тасымалдаумен айналысатын адамдар оның бағасын негізсіз қымбаттатқан болатын. Биыл мұндай келеңсіз жағдайдың қайталанбауы үшін тұрғындар жылыту маусымына ерте қамданғандары жөн.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp