«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ӨЗІМ ТУРАЛЫ» АКЦИЯСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде «Мың бала» республикалық жобасы аясында латын әліпбиін қолдау мақсатында «Өзім туралы» акциясы іске қосылды. Оған сан түрлі этнос өкілдері қатысып жатыр. Аталмыш науқанға Қазақстан халқы ассамблеясының жастары да үн қосты.

Бұл, ең біріншіден мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге сеп. Екіншіден, өзге ұлт өкілдері қазақ тілінің дамуына сүбелі үлес қосуда. Акцияның шарты бойынша, оған қатысушылар латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде өзінің өмірбаянын жазып, әлеуметтік желілерде жариялау қажет. Оның қорытындысы бойынша үздік атанғандарға ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар беріледі.
«Радзіма» беларусь мәдени орталығының төрайымы Мария Татаренконың айтуынша, бүгінгі күнге дейін 30 жас өз шығармаларын әлеуметтік желілерде жариялапты. «Бұл – ең алдымен Елбасының латын әліпбиіне көшу идеясына қолдау көрсету. Айта кету қажет, науқан қыркүйек айында аяқталады. Мұнымен қоса, жақында «Мәміле» клубы құрылады. Онда латын әліпбиін үйренуге барлық жағдай жасалмақ. Сондай-ақ, Тілдер күніне орай өңірімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады», – деді Мария Татаренко.

http://petropavltv.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp