Облыс орталығындағы Спорт сарайында ардагерлер мен жастар арасында спартакиада өтті. “Жасыл ел” республикалық жастар еңбек жасақтарының штабы” мекемесінің өңіріміздегі филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға 16 адамнан құралған 4 команда қатысты. Дода барысында қатысушылар спорттың төрт түрінен күш сынасты.
– Спартакиада жоғары деңгейде өтті. Оған қатысқан командалардың барлығы да өздерінің жақсы даярлық деңгейлерін көрсетті. Осы орайда саламатты өмір салтын насихаттайтын шараны өткізуде мұрындық болған ұйымдастырушыларға деген алғысымыз шексіз, – дейді спорт саласының ардагері, конькимен жүгіруден КСРО-ның спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Бондаренко.
Спорттық шараның қорытындысы бойынша «Қызыл» атты команда бірінші орынды олжалады. «Жасыл»-дар екінші, ал «Сары» командасының ойыншылары үшінші орынды қанағат тұтты.
Жарыстың барлық қатысушылары сертификаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
petropavltv.kz