Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, инклюзивті білім беретін бағдарламаларға барынша көңіл бөлініп отыр. Осы орайда Петопавлдағы №2-ші орта мектепте инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараға Петропавлдың 50-ге жуық мектебінің ұстаздары қатысты.
Алматы қаласының әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығының жетекші мамандары өз тәжрибесімен бөлісіп, ұстаздардың сауалдарына жауап берді. «Дара» жеке қайырымдылық қорының қолдауымен мұндай семинар Шымкент, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларында өткен. Мақсат – инклюзивті оқытудың бірегей форматын қалыптастыру.
Бүгінгі күні облыста ерекше білім беруді қажет ететін 4 мыңнан астам бала бар. Олардың 270-тен астамы шаһардың 29 білім ордасында оқиды. №2-ші қалалық мектепте инклюзивті оқыту 2010 жылы қолға алынды. Ол кезде ерекше балалардың саны 32 болса, қазіргі кезде 62 оқушы бар. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында мұнда инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылмақ. Мұнда балалармен логопед, дефектолог және психолог мамандар жұмыс істейді.
http://petropavltv.kz