Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өңірімізде Петропавл қаласы мен аудандар әкімдері аппараттарының ішкі қадағалау қызметі 85 шара өткізіп, мемлекеттік қызмет көрсету саласында 1998 заң бұзушылықты анықтады. Оның ішінде құжаттар толық болмаған жағдайда қызмет көрсетудің – 746, қажет емес құжаттарды сұратудың – 133, кәсіпкерлік үдерісін бұзудың 571 фактісі тіркелген. Тексеру аясында 239 ұсыным беріліп, 22 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің бас маманы Еркін Жақсылықовтың айтуынша, жыл басынан бері олар он ішкі қадағалау шараларына сарапшы ретінде қатысып, 4000 жуық бұзушылықты анықтаған. Рұқсат беру сипатындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібін бұзған Есіл аудандық ветеринарлық стансаның директоры мен Айыртау аудандық ветеринарлық бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.
Сурет http://lenta.inform.kz сайтынан алынды.