«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙ БОКСЫНАН «СОЛТҮСТІК КУБОГЫ»

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында тай боксынан «Солтүстік – 2019 кубогы» республикалық ашық турнир өтуде. Бұл жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен үміттерін үкілеген 300-ге жуық спортшы бақ пен бап таластыруда.

Осымен алтыншы рет өткізіліп отырған доданың салтанатты ашылуы барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Руслан Есенәлин өңірде муайтайдың, яғни, тай боксының дамуы және жекпе-жектің бұл түрімен шұғылданатын спортшылардың қол жеткізген жетістіктері туралы айтты.
– Тай боксынан Азия және әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Евгений Огородников, ел біріншіліктерінің жеті дүркін жеңімпазы, халықаралық деңгейдегі бәсі биік жарыстарда жүлделі орындарды олжалаған Руслан Заякин мен басқа да мықты сайыпқырандар – біздің жерлестеріміз. Болашақта олардың ізін жалғастыратын жас спортшылардың да саны көбейіп келеді. Олардан күтер үмітіміз зор, – дейді Руслан Бақыттыұлы.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері 25 тамыз күні белгілі болады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік атанғандар Қазақстан құрамасының сапына аланып, кейін ел намысын Түркияда өтетін Әлем чемпионатында қорғайтын болады.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp