Петропавл қаласындағы әл-Фараби мектеп-лицейінде жазғы демалыс уақытында «Тұмаржан» қазақ мектебі жұмыс істеп жатыр. Мұнда өзге ұлттың балалары бас қосып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, ән-жырымен, ұлттық аспаптарымен, бай әрі көркем тілімен жақынырақ таныса алады. Ұл-қыздар бауырсақ пісіріп, асық, тоғызқұмалақ ойнап, қобыз және домбыра сынды шекті музыкалық аспаптарда ойнауға үйренеді.
Лингвистикалық жазғы лагерь деп аталғанымен, «Тұмаржан» қазақ мектебінің форматы мүлдем өзгеше. Мұнда Петропавлдың 5 мектебінің 20-ға жуық оқушысы бас қосқан. әл-Фараби мектеп-лицейінің ұстаздар қауымы мен жоғары сынып оқушылары оларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ақын-жазушылардың шығармаларымен, яғни қазақ мәдениетімен, халқымыздың өмір салтымен таныстырады.
«Қара жорға» биін үйретеміз. Домбыра туралы аңыздарды, күйлеріміздің мән-мағынасын түсіндіреміз. Балалар мұнда болған уақыттан 40 сөз күйреніп кетеді. Яғни, бір-бір сөзден жаттап, қазақтың балаларымен сөйлесе алатындай деңгейге жетеді», – дейді мектеп-лицей директоры Күлімкөз Смаилова.
«Тұмаржан» қазақ мектебі бір жыл бойы жұмыс істейді. Кез-келген балақай қалаған уақытында әл-Фараби мектеп-лицейіне келіп, қазақ тілін үйреніп, салт-дәстүрден мол мағлұмат ала алады.