Жаңа оқу жылында өңір студенттері мен жоғары сынып оқушылары “Кәсіпкерлік негіздері” пәнін оқитын болады. Қазіргі таңда мұғалімдер екі апталық курстан өтуде.
“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобаны “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Мұғалімдерге аталмыш пәнді шәкірттеріне оқыту әдістемесін білікті бизнес-жаттықтырушылар үйретуде. Жобаға 100-ден астам мектеп, колледж және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушылары қатысуда. Айта кеткен жөн, былтыр аталған курс қанатқақты жоба ретінде Қызылжар ауданындағы Бескөл орта мектеп-гимназиясында өткізілген болатын.