«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАМҚОР ПОЛИЦЕЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүкті келіншекті перинаталдық орталыққа дер кезінде жеткізуге көмектесті.

Аққайың ауданының тұрғыны аудандық аурухананың акушерімен келіншегін облыстық перинаталдық орталыққа әкеле жатқан бойда көлігі сынып, қиындыққа тап болған. Кейін жол-жөнекей кетіп бара жатқан көлікке әйелі мен акушерді отырғызған.
– Сағат кешкі оннан кейін біздің бекетке бір көлік тоқтап, ішінен жолаушы шықты. Аққайың аудандық ауруханасының фельдшері екен. Ол босанайын деп жатқан келіншекті перинаталдық орталыққа апара жатқандарын және үлгере алмайтындарын айтты. Оларды тез арада патрульдік автокөлікке отырғызып, шұғыл түрде перинаталдық орталыққа жеткіздік, – деді полиция батальонының аға инспекторы Серік Сейпиев.
Кезекші бөлім жұмыс орнын тастаған аға лейтенанттың әрекетін құптап, оқиғаны бақылаған. Жарты сағаттан кейін кезекші бөлім әйелдің аман-есен босанып, дүниеге ұл бала әкелгенін хабарлаған. Келесі күні жол сақшысы перинаталдық орталыққа барып, жас ана мен нәрестенің жағдайын білді. Келіншектің жолдасы да осы оқиғаға атсалысып, көмек бергендердің барлығына телефон арқылы алғысын білдірді. Әсіресе көп ойланбай, жедел әрекет еткен сақшылардың көмегіне риза. 

http://petropavltv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp