Аққайың аудандық полиция бөліміне жергілікті орманды қорғау инженерінен былтырғы қыркүйектен үстіміздегі жылдың тамыз айының ортасына дейін қайың ағаштарын заңсыз кескен белгісіз тұлғаларға қатысты шара қолдану туралы өтініші келіп түсті.
Аққайың аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Азамат Естановтың айтуына қарағанда, мән-жайды анықтау кезінде жергілікті шаруашылықтардың бірінің 35 жасар орманшысы ұсталды. Ол ауыл тұрғынына оған қажет отынның текше метрінің құны 250 мың теңге екенін айтып, алған қаржыны қалтасына басу үшін жалған түбіртек жазып бермек болған. Орманшы істеген әрекетін мойындаған кезде отын алушының оның заңсыз әрекетінен хабары болмағанын айтты.
Қазіргі уақытта аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қылмыстық кондекстің 340-бабы “Орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сурет http://www.kremlinrus.ru сайтынан алынды.