Облыс орталығындағы “Қарасай” стадионында прокуратура органдарының құрама командалары арасында шағын футболдан чемпионат өтті. Оған Бас әскери прокуратура, Алматы қаласы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау және біздің облыс прокуратураларының командалары қатысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған жарыстың мақсаты – мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға деген қызығушылығын арттыру.
Дода нәтижесінде Бас әскери прокуратураның командасы бірінші орынды олжалады. Маңғыстау өңірінің өкілдері екінші орында болса, қостанайлық әріптестері үшінші орынды қанағат тұтты.
Сонымен қатар, Бас әскери прокуратураның ойыншысы Еркін Төлепбаев “Үздік шабуылшы”, ал Қостанай және Маңғыстау облыстық прокуратураларының өкілдері Олег Ғабдуллин мен Амантай Нұрбек “Үздік қақпашы” және ”Үздік қорғаушы атанды”.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сурет https://фондлидер.рф сайтынан алынды.