«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒБАННЫҢ ТІЛ ҮЙІРЕР ЖҮЗІМІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдық бағбан, тәжірибесі толысқан Владимир Должниковтың саяжайында  жүзімнің түр-түрі самсап тұр. Қарияның сөзінше, өзгенікі емес, өзіміздікі әлдеқайда құнарлы әрі дәмді екен.

Әлемде жүзімнің мыңдаған сорты бар. Бірақ біз шаһар базарларында оның санаулысын ғана көріп жүрміз.  Ал петропавлдық бағбанның саяжайында тәтті жемістің 15 түрі бапталады. Мысалы, ол өсіретін «Ананасный» деген ерекше жүзімнің дәмі экзотикалық жеміске, яғни ананасқа ұқсайды. Қарияның айтуынша, шығымы онша емес. Әйтсе де, Владимир Должников саннан көрі сапаға аса мән береді. Бұл кәсіппен жан ләззаты үшін айналысады. Өсімдік жемісін бере бастағанда көңіліне қуаныш ұялайды. 
Ұшқыш жерлесіміз еңбекке қабілетті шағында ел аумағында әуе кемесін басқарыпты. Бау-бақша ісіне жең түре кіріскеніне биыл 50 жыл толды. Қазіргі таңда ерік-жігерін, жан жылуын жүзімге арнайды. Екінші жағынан, ырыздығын жерден алып отыр.  Ағзаға қажетті жеміс-жидек, көкөністің түр-түрі алыста емес, көз алдында. «Кезінде менің бағымда жүзімнің 20 шақты сорты болды. Аязды күндер, көктемгі су тасқыны мен қыс мезгілінде қардың аздығы осы жеміс түрінің азаюына әсерін тигізді», дейді зейнеткер.  

http://petropavltv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp