«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢГЕРЛЕР КЕҢЕС БЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әділет департаментінің өкілдері Петропавл қаласының сауда үйлерінің бірінде “Заңгерлер кеңес береді” акциясын өткізді. Оған  жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы және СҚО Нотариаттық палатасының өкілдері де қатысты.

Акция Конституция күніне орай “Негізгі Заң апталығы” жобасы аясында өтті. Барлық тілек білдірушілер тегін, кезексіз және алдын ала жазылусыз заң бағытындағы кез келген маманнан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Акция алғаш рет өткізіліп отыр, бірақ ұйымдастырушылардың жоспарларында оны тоқсан сайын өткізу көзделген.  Негізінен қала тұрғындары өз құқықтарын қорғау, сот актілерін орындау бойынша, сондай-ақ Азаматтық хал актілерін тіркеу саласына қатысты сұрақтарға жауап алды.

http://petropavltv.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp