Үстіміздегі жылдың 29 тамызында Петропавл қаласында “Мәңгілік елдің “Заң керуені” атты кең көлемді акция өтеді.
Акцияны Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыс және Петропавл қалалық әкімдіктері, “Нұр Отан” партиясының филиалы, облыстық полиция департаменті мен кәсіпкерлер палатасының қатысуымен ұйымдастырады. “Заң керуені” акциясының мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, тұрғындарға жедел құқықтық көмек көрсету, заңнамаларды түсіндіру, прокуратураның құқықтық рөлін жүзеге асыру болып табылады. Шара аясында қадағалау ведомствосының өкілдері Петропавл қаласы әкімдігінің, білім беру және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің, пробация қызметінің өкілдерімен бірлесіп, ірі сауда үйлері мен қала аудандарында (орталықта, “Алтын Арман”, “Тайга” базарларында, “Уют” дүкені, “Вокзал” маңы, “Береке”, 19-шы және 20-шы шағынаудандарда, Жұмысшы кенті, Былғары зауыты, Заречный кенттерінде) орналасқан базарларда азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.
Облыс прокуроры Бағбан Тайымбетовтің төрағалық етуімен қала әкімдігінің, “Нұр Отан” партиясының филиалы мен облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелері басшыларының штабы күні бойы жұмыс істейтін болады. Кейінірек келіп түскен өтініштер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріледі.
“Заң керуені” 29 тамыз күні сағат 9:00-де Петропавл қаласы әкімдігінің ғимаратына қарсы орналасқан орталық алаңда басталады.
МОБИЛЬДІ ТОПТАР ОРНАЛАСАТЫН ЖЕРЛЕР
Сауда үйлері:
1. “СИТИ Молл” СҮ, Уәлиханов к., 56,
2. “Рахмет” СҮ, К.Сүтішев к., 58,
3. “Айсберг” СҮ, Жамбыл к., 190А,
4. “АРС” СҮ, Интернационал к.,100.
5. “Пирамида” СҮ, Батыр Баян к., 11.
6. “Сокол” СҮ, Нұрсұлтан Назарбаев к.,115.
7. “Океан” СҮ, Абай к.,77.
8. “Алем” СҮ, “Сәлем” базарының аумағы.
9. “Жасмин” СО, Нұрсұлтан Назарбаев к., 242Б.
10. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, “Береке” шағынауданы.
11. №12 мектеп, Былғары зауыты шағынауданы.
12. №13 мектеп, Заречный кенті.
13. №44 мектеп, Жұмысшы кенті.
Базарлар:
1. Коммуналдық базар, Нұрсұлтан Назарбаев к., 69.
2. “Алтын Арман” базары (ет бөлімі), Интернационал к., 67.
Солтүстік Қазақстан
облысының прокуратурасы.