«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ЖОҚ ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Добрая планета» қайырымдылық қорының құрылғанына – биыл екі жыл. Осы жылдар аралығында қор мамандары ауыр дертке шалдыққан ондаған балақайға көмектескен. Сонымен қатар, «Добрая планета» көпбалалы және аз қамтылған отбасылармен де жұмыс істейді. 

Қараусыз қалған үй жануарларына жаңа ие тауып береді  Қор жұмысы басталғанан бері 20 акция, 4 қайырылымдылық концерті, 12 жәрмеңке ұйымдастырған. Қазіргі таңда, екі адамның еміне қаражат жинауда. Қабырғасына зақым келген, мүлдем жүре алмайтын,  Иван Чвилевке қажетті сома – 200 мың теңге, ал Рахман Берікқұлға 2 млн. теңге қажет. Бүлдіршінге қойылған диагноз  – құрсақ қуысының нейробластомасы, бас сүйегінің метастазасы.
«Қарапайым адамдар, ғаламторға салған ақпараттарды көріп, көмек қолын созуға дайын екендіктерін білдіріп жатады. Көп жағдайда тұрғындар 200,500 теңгемен көмекке келеді. Осыдан адамдардың бөтеннің қиындығына бей-жай қарамайтындығын көруге болады. Кәсіпкерлердің арасында да қайырымды жандар баршылық,  олардың ісі басқаларға үлгі болса ғой деп армандаймыз», дейді «Добрая планета» ҚҚ жетекшісі Татьяна Мухамедзянова.  

http://petropavltv.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp