«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданында болған жағдайға байланысты мемлекеттік қызмет бойынша өкілетті орган ауылдық окург әкімдерінің, бөлім басшыларының және мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев алдымен мемлекеттік қызметке өту жолы мен көрсетілетін қызмет сапасын қадағалау бойынша сараптаманың нәтижесімен таныстырды. Әсіресе, өз қызметшілерінің өсуіне жағдай жасап, сырттан тағайындауға жол бермеу қажеттігін және командамен көшу фактілерін доғару керектігін айтты. Сондай-ақ, мониторинг нәтижесі көрсеткеніндей, аудан тұрғындары мемлекеттік қызметті медициналық ұйымдарға бармай-ақ, электроды үлгіде алуға болатынын білмейді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қажетті жағдай жасап, оны қадағалау мақсатында айына екі рет бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсететін нысандарға тексеріс жүргізіп отыру керек.
Өкілетті орган өкілдері мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және қызметтік әдеп қағидасын орындау мәселесіне баса назар аударды.
Баспасөз мәслихаты барысында Явленка ауылдық округінің мемлекеттік қызметшісінен түскен шағым бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесінің қорытындысы айтылды. Шағымданушы әкім мен ауылдық округ маманының арасындағы кикілжіңнен басқа, мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқығы бұзылғаны жөніндегі фактіге тоқталған болатын.
Тексеріс барысында гүлдерді суару, арам шөп жұлу, топырақ қопсыту, темір-бетон қоршауларды орнату, кеспе тастарды төсеу жұмыстарын бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен мемлекеттік қызметшілер атқарғаны анықталды. Ал бұл жұмыстарды атқару бойынша ауылдық округ аппараты мен жеткізуші арасында келісім жасалған. Ал іс жүзінде құрылыстан және монтаждаудан хабары жоқ мемлекеттік қызметшілер міндеттеріне жатпайтын жұмыстарды атқарған. Осы орайда Жанат Жұмабаев мемлекеттік қызметшілердің құқығын сақтауды, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың талаптарын орындауды, берілген тапсырманың заңдылығына күмәндануды хабарлау қажеттігін айтты. Алайда тәжірибе көрсеткендей, орын алған жағдайда ауданның бірде-бір мемлекеттік қызметшісі бұл ұқықты пайдаланбаған.

Сурет https://express-k.kz сайтынан алынды. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp