ҚОЛЫ АЛТЫН АЛТЫНАЙ
Басы ауырып, балтыры сыздаған әрбір адам медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді. Ауруына араша сұраған жанға қол ұшын созып, медициналық көмек көрсетуді кәсіби міндеті ғана емес, азаматтық парызы санайтын Алтынай Мусина сияқты ақхалатты абзал жандар өңірімізде аз емес. Облыстық кардиологиялық орталықта жұмыс істейтін білікті маманды ұжым мүшелері де құрмет тұтады. Ол бала кезінен дәрігер болуды армандады.