«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 14-16 жастағы балалар арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті. Оған өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған 6 команда қатысты.

Олар – Есіл, Шал ақын, Тайынша, Мамлют аудандарының өрендері мен петропавлдық “Жеңіс” және “Қызылжар” командаларының футболшылары, барлығы 72 ойыншы.
Облыстық спорт орталығының сектор жетекшісі Серікбай Сүлейменовтің айтуынша, мұндай турнир жыл сайын ұйымдастырылады. «Бұл ойынның үлкен футболдан айырмашылығы – қақпа мен алаң кішірейтілген. Бір командадағы ойыншы саны бесеуден аспайды. Ал ережесі бірдей», – деп түсіндірді Серікбай Сүлейменов.
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар медаль, кубок және грамоталармен марапатталды. Бұл жолы петропавлдық футболшылар өздерін жақсы қырынан көрсетіп, «Жеңіс» құрамасы үздік атанды, екінші орын «Қызылжар» командасына бұйырды. Шал ақын ауданының ойыншылары 3-орынды місе тұтты.

https://mtrk.kz

Сурет https://фондлидер.рф сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp