Басы ауырып, балтыры сыздаған әрбір адам медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді. Ауруына араша сұраған жанға қол ұшын созып, медициналық көмек көрсетуді кәсіби міндеті ғана емес, азаматтық парызы санайтын Алтынай Мусина сияқты ақхалатты абзал жандар өңірімізде аз емес. Облыстық кардиологиялық орталықта жұмыс істейтін білікті маманды ұжым мүшелері де құрмет тұтады. Ол бала кезінен дәрігер болуды армандады.
Ресейдің Қорған облысындағы медициналық колледжге алып келген де осы арманы. Бүгінде Алтынай Жантайқызының денсаулық сақтау саласында еңбек еткеніне ширек ғасыр. Ұжымға сыйлы, абыройлы маманның тиянақтылығы мен еңбекқорлығы әріптестеріне де үлгі. Өткен жылы үздік медбике атанып, кейінгі буынға абыройлы еңбегімен сыйлы болған абзал жанға емделушілердің де алғысы шексіз. Жоғары санатты медбикеден жастардың үйренері көп.
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.