«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҚЫСТАН ДА ПАЙДА БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоқыс тапсырып, қайырымдылық акциясына үлес қос! Петропавлда осындай мақсатты көздеген ерекше шара қолға алынды. Тамыздың 20-сынан бастау алған акция қыркүйектің 30-ына дейін жалғасады. 

Идея авторлары шарадан жиналған қаржыны биыл тұрмыс жағдайы төмен 10 отбасыға бөлуді жоспарлап отыр. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы акцияға алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосып, 60 килограмға жуық қоқыс тапсырыпты. Қағаздың бір килограмы – 25 теңгеден, ал кеңсе техникасы 10 теңгеден қабылдануда.

«Вторсырье» ЖШС-і директоры Қайыржан Айсиннің айтуынша, әзірге 200 килограмға жуық қоқыс жиналған. «Шараға тек белгілі бір ұйым ғана емес, кез-келген азамат қатыса алады. Келіп түскен ескі кітаптар мен журналдардан «Карина» майлығы жасалады. Ал тұрмыстық техника бөлшектеліп, пластик Ресейдегі темір металл базасына жөнелтіледі», – деді ол.
Жыл сайын өткізілетін игі бастаманың нәтижесінде былтыр 400 мың теңге көлемінде қаражат жиналып, сал ауруына шалдықққан балаларды емдеуге жұмсалған.

https://mtrk.kz

Сурет https://maksfera.clan.su сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp