«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЕТЕРИНАРИЯДА ТҮЙТКІЛ КӨП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің аудандық және қалалық ветеринариялық инспекциялардың жұмысына көңілдері толмайды. Басы артық қағазбастылық пен бюрократияның салдарынан олар өнімдерін экспортқа уақтылы шығара алмай отыр. Ахуалды кәсіпкерлер өңірімізге іссапармен келген Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұловқа жеткізді.

Мәселен, “Зенченко” компаниясының Петропавлдағы зауытына тауарды Ресейге жөнелту бір машақат. Бір емес бірнеше сағатты олар тиісті ветеринариялық анықтаманы алуға жұмсайтын көрінеді. «Себеп күлкілі, – дейді зауыт директоры Георгий Целых. – Компьютерлеріміз баяу жұмыс істейді деп жауап береді. Онда жаңа қондырғылар сатып алсын. Өйткені, жүк көлігі бір парақ қағазды күтіп сағаттап тұрады».
Петропавлдық ветеринариялық қызмет жұмысындағы бұл олқылықтан өңірлік ведомство тіпті хабарсыз болып шықты. Арман Өтеғұлов мәселені шешуді тапсырды. Басы артық қағазбастылық Якорь құс фермасының да жұмысын әбден тежеп отыр. Ветеринарлық анықтаманы алу үшін олар күнде 70 шақырымдық жолды еңсеруге мәжбүр.
«Анықтама ресімдеу үшін Бескөлдегі аудандық инспекцияға көлік жіберуге тура келеді. Күніне 1-2 машинаға жұмыртқа тиейміз. Ал олар анықтама алмайынша, жолға шықпайды. Мұндай проблемаға күнде кезігеміз», – деді «Якорь құс фабрикасы” ЖШС-і зертханашысы Елена Калинко. Арман Өтеғұлов осыдан он жыл бұрын жасалған электрондық бағдарламаны жаңартқанда ғана, бұл мәселені шешуге болатынын айтты.
Кәсіпкерлер құжаттарды алу мен ресімдеу үрдісін жеңілдету мәселелсін ғана емес, малға екпе егудегі түйткілдерді де көтерді. Тайынша ауданындағы “Племзавод Алабота” ЖШС-і директоры Ерлан Алпысовтың айтуынша, былтыр пайда болған “нодулдік дерматит” деген дертке қарсы субсидиямен алған тегін вакцинаның салдарынан буаз сиырлардың 10-15 пайызы төлдерінен айырылып қалыпты. Кениялық тегін екпеден қайыр болмаған соң, серіктестік 5 млн. теңгеге шығынданып дәріні Оңтүстік Африка Республикасынан сатып алған. Ол көңілден шығыпты. Сондықтан, Ерлан Алпысов енді осы вакцина субсидиямен тегін берілгенін қалайды. Комитет төрағасы жағдайдан хабарсыз болып шықты. Сондықтан кәсіпкердің өтініші жауапсыз қалды.

https://mtrk.kz

Сурет http://www.sgau.ru сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp