«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.08.2019

ТҮН ОРТАСЫНДАҒЫ АТЫС

  26 тамыз күні таңғы 4.-те Мағжан Жұмабаев көшесі, 98 мекенжайында түн ортасында тапаншадан атылған оқтың дыбысын естіген тұрғындар бірден полиция департаментінің жедел басқару орталығына хабарласады. Белгілі болғандай, өзара келіспей қалған белгісіз екі ер адам 35 жастағы қала тұрғынына оқ атып, аяғын жаралаған. Ауыр жараланып, көп қан жоғалтқан қала тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілді.   

МҰҒАЛІМДЕР ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

    Үкіметте “Педагог мәртебесі туралы” заң жобасы қаралып, құжат бірауыздан бекітілді. Оған сәйкес, ұстаздар кәсіби қызметінен тыс жұмыстардан арылатын болды.   

БАЛА САНЫ АЗ МЕКТЕПТЕР ЖАБЫЛДЫ

  Алдағы оқу жылында 479 мектепте алғашқы қоңырау соғылады. Облыстық білім басқармасы биыл балалар санының аздығына байланысты өңір бойынша 7 білім ордасының жабылғанын жария етті.   

ҮЗДІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

  Қазақстан Конституциясы күні мерекесі қарсаңында Қызылжар ауданында “Жастар-2019″ саяси лагері өз жұмысын бастады. Үш күнге созылатын шара барысында тренинг, шеберлік сағаты, экскурсия ұйымдастырылады. 

ТЕЛЕФОН ИЕСІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

  Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны Валентина Антонюк хат арқылы облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевқа “Маған ұялы телефонымды тауып беруге көмектескен аудандық полиция бөлімінің қызметкеріне алғыс білдіруіңізді сұраймын”, деген өтінішін жолдады.   

ҰРЛЫҚШЫ ҰСТАЛДЫ

Қалалық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері саяжайда ұрлық жасады деген күдікпен 36 жасар қала тұрғынын ұстады. Полицияға қала маңындағы саяжайда түнде жасалған ұрлық туралы бірнеше арыз келіп түсті. Қаскөй электр құралдары, шаруашылық саймандары секілді заттармен қатар азық-түлік ұрлаған. Тексеру барысында қалалық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған 36 жасар қала тұрғынының …

ҰРЛЫҚШЫ ҰСТАЛДЫ Read More »

ӨНЕГЕЛІ ЖОЛ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз МақтайСағдиевтің туғанына 90 жыл толуына орай көрме өтті. Бұл шараға марқұмның туған-туыстары, бұрынғы әріптестері мен Көкшетау, Нұр-Сұлтан қаласынан келген қонақтар қатысты. 

СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ

    Жастар жылы аясында облыстық бейнелеу өнері мұражайында Руслан Куржецидің фотокөрмесі өтті. 

ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка ауылының тұрғыны Алина Титова – мектеп жасынан бері өлкетанумен айналысып келе жатқан жастардың бірі. Ол жуырда өткен жас өлкетанушылардың республикалық байқауында топ жарып, жоғары оқу орнында тегін білім алуға мүмкіндік беретін грантқа ие болды. 

“БОСТАНДЫҚ ТУЫНАН” БАСТАЛҒАН ЖОЛ

Облыстық мұрағатта сақталған мына суретте ғасырлық тарихы бар қарт басылымның бастауында тұрған қаламгерлердің бір шоғыры бейнеленген. Солардың арасында кейін отандық психология ғылымының дамуына үлес қосқан Сәлкен Балаубаев (сол жақтан екінші) та бар.