«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

 

Жастар жылы аясында облыстық бейнелеу өнері мұражайында Руслан Куржецидің фотокөрмесі өтті. 

Шығармашыл жастарды қолдау, олардың өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеге фотографтың еңбектері қойылды. Петропавл қаласынан Тбилисиге дейін алты мың шақырымды артқа тастаған Русланның жол бойында түсірілген суреттері жұртшылық назарына ұсынылды. Он бір қалада болуға мүмкіндік алған фотографтың әр суреті таңғажайып әлем. Экспозицияларды безендіруде ол әр қырынан танылуға тырысқан. Көрмеге қойылған жұмыстардан автордың жеке адамдарға ерекше назар аударғанын аңғаруға болады.

– Кейбіреуі бұл әлемде адамдар арасында түсіністік пен сыйластық орнауы мүмкін емес деп ойлайды. Бірақ, бұл әлем біз ойлағандай үлкен әрі үрейлі емес. Өмірде түрлі адам бар. Адамдардың өзара сыйластығына шекара, дін шектеу бола алмайтынына көз жеткіздім. Сондықтан жұмыр басты пенденің сыйластығын, түсіністігін, жақсы қарым-қатынасын сурет арқылы көрсетуге тырыстым, – дей келе ол жол бойында әр елден түрлі тағдыр иелері кездескенін жеткізді.

Жастар тартымды әрі әдемі безендірілген көрмеге қойылған автордың елуден астам суретін тамашалауға мүмкіндік алды. Қала қонақтары мен тұрғындары да бір апта бойы аталмыш көрмені тамашалай алады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp