«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮН ОРТАСЫНДАҒЫ АТЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

26 тамыз күні таңғы 4.-те Мағжан Жұмабаев көшесі, 98 мекенжайында түн ортасында тапаншадан атылған оқтың дыбысын естіген тұрғындар бірден полиция департаментінің жедел басқару орталығына хабарласады. Белгілі болғандай, өзара келіспей қалған белгісіз екі ер адам 35 жастағы қала тұрғынына оқ атып, аяғын жаралаған. Ауыр жараланып, көп қан жоғалтқан қала тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілді. 

 

– Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы, яғни “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Жедел іздестіру іс-шаралары, оқиғаның мән-жайын анықтау және жасалған қылмыстың заттай айғақтарын жинау бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Күдіктілер іздестіріліп жатыр, – дейді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp