«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАМАНҒА САЙ ТӘРБИЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі таңда біздің балабақша­да үш жүзден ас­там бала тәрбие­ленуде. Алғаш есігіміз ай­қара ашылған сәттен бастап бүгінге дейінгі уақыт аралығында жеткен жетістіктеріміз аз емес. Ашылған жылы еліміз бойынша алғаш­қы­лардың бірі болып “Ақылды бала­бақша” атты басқарудың элек­тронды жүйесін енгізуге бел бу­дық. Монтессори, ақпарат­тық-ком­муникациялық технология және шахматты ерте жастан үй­рену әдістері сәтті жүзеге асырылуда. Екі жыл бұрын “Үздік балабақша” республикалық конкур­сында екінші орын алғанымыз ұжым мерейін өсірді.

Біздің балалар электрлі гаджет­пен сурет салғанды ұнатады. Ал скринкаст арқылы са­лынған су­рет­терге жан бітіреді. Бүлдіршіндер QR-код дегеннің не екенін жә­не өз ақпараттарын шифрлауды біледі. Жаратылыстану сабақта­­ры “Вундеркинд” көпбейінді са­рапта­малық зертханасында өтеді. Балалар жолда жүру ережесін арнайы жасалған интерактивті қала­шықта, бағдарлама жасаудың және инженерлік жұмыстың ал­ғашқы дағдыларын робото­тех­ника сабағында үйренеді. Ресейдің Омбы қаласында өткен робототехника бойынша “Батыс Сібір” байқауының іріктеу кезеңінде алтын мен қола медаль алуымыз, Мәскеуде өт­кен “Ро­бофесте” құрама команда­ның жақсы өнер көр­сетуі – біздің бүлдіршіндер үшін үлкен жетістік.
Биыл балабақшада құлпынай, дәмдеуіш шөптер өсіретін арнайы кабинет ашылды. Бұл өсімдіктер топырақсыз өсірілуде. Оларды әр екі сағат сайын арнайы электрон­ды құрылғымен суарамыз. Осы­лайша, біздің балалар ауыл ша­руашылығы саласындағы озық тех­нологиямен жұмыс істеуді үй­реніп, өсімдіктің қалай жетіле­тінін бақылай алуда. Әрі бұл баланы өсімдік атау­лыға қамқорлықпен қарауға баулиды.
Балабақшада заманауи жас ұрпаққа арналған қауiпсiз спорт құрал-жабдықтарымен қам­та­ма­сыз етiлген спорт зал, ән-күй залы, лин­гафон кабинетi, компьютер сы­ныбы, өзiн-өзi тану кабинетi бар. Мектепке дейiнгi бiлiм беру ме­кемесiнiң бiлiм сапасын арттыру үшiн тәр­биелеу-оқыту үрдiсiне пси­хологиялық қызмет, бейнелеу өне­рi, ағылшын тiлi, хореография сияқты қосымша бiлiм беру қыз­мет­терi ен­гiзiлген. Бүгінде бала­бақша “ЮНЕСКО”, республи­­­ка­лық бейімдеу орталығы, “Мектепке де­йінгі балалық шақ” республикалық орталығымен әлеу­меттік әріптес­тік байланыс орнатқан.
Жақында Ақтау қаласында өт­кен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесі педагогтарының “Жү­рек жылуын балаларға бере­міз” атты слетінде Гран-при жеңіп алуым менің ғана емес бала тәр­биесі саласында тынымсыз еңбек етіп келе жатқан ұйымшыл ұжы­мымның да еңбегі деп білемін.
Мұның бар­лығы жинақы, ерiктi, өзiне-өзi се­нiмдi, Абайдың, Пушкиннiң, Шекс­пирдiң тiлiнде сөйлей алатын ұр­пақ тәрбиелеу үшін жасалып жа­тыр. Заманымыздың заңғар жазу­шысы Мұх­т­ар Әуезов: “Халықпен ха­лықты, адам мен адамды теңес­ті­ретін – білім” деген болса, бүгін­де Тәуелсіз еліміз өскелең ұрпақтың сапа­лы білім алуына барлық жағдайды жасап отыр.

 

Мәдина ДӘРІБАЕВА,
“Алтын бесік” балабақшасының меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp