«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПУШКАШ СЫЙЛЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Өткен маусымның қорытындысы бойынша Пушкаш сыйлығына 10 футболшы ұсынылды. Олар бразилиялық Матеус Кунья (”Лейпциг”), швециялық Златан Ибрагимович (“Лос-Анджелес Гэлакси”), аргентиналық Лионель Месси (“Барселона”), италиялық Фабио Квальярелла (“Сампдория”), колумбиялық Хуан Кинтеро (“Ривер Плейт”), англиялық Андрос Таунсенд (“Кристал Пэлас”), венгриялық Даниэль Жори (“Дебрецен”) камерундық Аджара Нчут (Камерун құрамасы), америкалық Эми Родригес (“Ютау Роялс”) және солтүстікирландиялық Билли Симпсон (“Клиф-тонвилл Ледис”). 

Дауыс беру нәтижесі 1 қыркүйекке дейін созылады. Солардың арасынан озып шыққан үш ойыншы финалдық кезеңге жолдама алады. Ал жеңімпаз атанған футболшының есімі 23 қыркүйекте белгілі болады. Салтанатты шара Италияның Милан қаласында орналасқан әйгілі “Ла Скала” театрында өтеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp