«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“РИНГ ПАТШАСЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Петропавл қаласындағы заманауи әмбебап теннис орталығында бокстан ардагерлер арасында “Ринг патшасы” атты облыстық ашық турнир өтуде. Осыған орайда спорт нысанында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. 

 

– Алғашқыда аталмыш жарысқа еліміздің бес өңірі және Тәжікстан Республикасынан 19 спортшы қатысқан болса, 2018 турнирде Қазақстанның жеті облысы және Ресей Федерациясы мен Қырғызстаннан 22 былғары қолғап шебері өнер көрсетті. Ал биыл байрақты бәсекеде 32 алты салмақ дәрежесінде боксшы бақ пен бап таластыруда, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин.
Баспасөз мәслихаты барысында дүбірлі доданы тамашалау үшін облысымызға арнайы келген бокстан ұлттық біріншіліктің үш дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының жеңімпазы, Гаванада өткен “Дружба” атты әлем кубогы және халықаралық турнирінің күміс жүлдегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Серік Нұрқазов елімізде жас ұрпақтың бокспен айналысуға деген құлшынысын оятуда бұл турнирдің маңызы зор екенін айтты.
Жалпы турнирдің жүлде қоры 1 миллион 800 мың теңгені құрайды. Яғни, бірінші орынның жеңімпазы үшін 150 мың теңге, ал екінші және үшінші орынға ие болған қатысушыларға 100 және 50 мың теңгенің ақшалай сыақысы табыс етілетін болады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp