«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЧЕМПИОНДЫҚ АТАҚҚА ТАЛАСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин арасында чемпиондық белдік үшін жекпе-жек өтетінін мәлімдеді. 

 

Қос спортшы 5 қазан күні “Madison Square Garden” сарайында жұдырықтасады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, IBF ұйымы 1 тамыз күні Сауль Альваресті Деревянченкомен жекпе-жек өткізуден бас тартқаннан кейін чемпиондық атағынан айырған болатын.
Ал бұл атаққа Геннадий Головкин 2015 жылдан 2018 жылға дейін иелік еткен. Кейін отандасымыз да дәл осы Деревянченкомен жұдырықтасудан бас тартқаннан кейін белдігінен айырылған еді. Енді сол белдік үшін шаршы алаңға шықпақшы.
Сергей Деревянченко қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2012-2014 жылдар аралығында “Astana Arlans” кәсіпқой бокс командасының сапында өнер көрсетіп, чемпион атанған болатын. Ал миландық ұжым сапында жүргенде отандасымыз Қанат Исламмен жұдырықтасып, жеңіске жеткенін де бокс жанкүйерлері ұмыта қойған жоқ.
Бүгінде қай боксшы басым түсетіні жөнінде болжам айтушылар өте көп. Екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс “Boxing Social” порталына берген сұхбатында жекпе-жекте Головкин жеңгенімен, ол үшін ауыр тиетінін айтыпты. Бұдан бұрын британиялық боксшы да Головкинді бірнеше рет жекпе-жекке шақырған. Бірақ екі тарап келісімге келе алмаған. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp