«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де белгілі тұлға, облысымыздың құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Сапар Дүйсеновтің 95 жылдық мерейтойына арналған “Өнегелі өмір, өрелі істер” атты “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Оған өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, абыз ақсақалмен қызметтес болған əріптестері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.
Өмірі еңбекпен өрілген жерлесіміз Сапар Дүйсенұлына арналған ақ жарма тілектер өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың құттықтау хатынан бастау алды. Облыс əкімінің орынбасары Руслан Əлішев абыз ақсақалдың жүріп өткен өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екенін айтып, ардагерге құттықтау хатын табыстай отырып, зор денсаулық тіледі. Бұдан кейін сөз алған облыстық прокуратураның басшысы Б.Тайымбетов, Павлодар облысы прокуратурасының ардагері Д.Фалеев, қоғам қайраткері, жазушы Ж. Сүлейменов пен өзге де қонақтар мерейтой иесінің өнегелі өмірі мен өрелі істерін тілге тиек етіп, жылы лебізберін арнады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp