«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР САЙЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Жақында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы күніне арналған өрттен құтқару спорты бойынша жарыс өткізілді. 

 

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде мекеме бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Николай Белоусов алғыс сөзін білдірді. Ол барлық жиналған қауымды келе жатқан мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет гарнизонының аудандық және қалалық бөлімшелердің 19 командасы қатысты. Сайыс ережелері бойынша олар 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, жауынгерлік дайындық және 4-ші қабатқа сатымен көтерілу секілді тапсырмаларды орындады.
Іс-шара қорытындысы бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Самат Қайырденов үздік деп танылды. Ал екінші орынға №4 өрт сөндіру бөлімінің өкілі Арман Қасымов тұрақтады. Қалалық №3 бөлімнің өрт сөндіруші-құтқарушысы Қайрат Жұмабаев үшінші орынды иеленді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp