«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.09.2019

«ҮЗДІК МАМАН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бастамасымен «Жас самұрық» бағдарламасының аясында сәуір айында елімізде «Үздік маман» байқауы бастау алған болатын. Оған қордың он компаниясынан барлығы 30 адам қатысты.

“БЕРЕКЕДЕ” ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Конституция күні облыс орталығындағы “Береке” шағынауданында жаңа қазақ мектебі пайдалануға берілді. 600 орындық білім ордасын салуға 1,5 млрд. теңге бюджет қаржысы жұмсалған. Заманауи үлгіде салынған білім ошағын облыс әкімі Құмар Ақсақалов аралап, оқу ордасының жаңа оқу жылына даярлығымен танысты.

ТҰМАН ТҮСІП, ҮСІК ЖҮРЕДІ

Облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қыркүйек күні түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде -1-3 градус үсік жүреді. Күн күркіреп, түнде және таңертең тұман түседі.   

АЗАТТЫҚТЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Конституция күні қарсаңында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “дөңгелек үстел” басында сот және құқық қорғау органдарының өкілдері Ата Заң аясында жеткен жетістіктерімізге тоқталып, алдағы міндеттерді белгіледі.

БОКС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ДОДАСЫ

Петропавлдағы теннис орталығында бокстан ардагерлер арасында «Ринг патшасы – 2019» атты облыстық ашық турнирдің ақтық кезеңі өтті. Бұл жарыста жасы 35-тен асқан спортшылар алты салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтыны анықтады. 

СЫРТ АЛАҢДАҒЫ ЖЕҢІС

  Бірінші лига командалары кезекті тур ойындарын өткізді. “Қызылжар” футбол командасы сырт алаңда “Қыранмен” кездескен болатын.   

КҮДІКТІЛЕР ҚОЛҒА ТҮСТІ

  26 тамыз күні таңғы төртте Петропавл тұрғынын аяғынан атқандар ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.