«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.09.2019

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІ МОЛ

Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-де оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Білім күніне орай университетте 187 млн. теңгенің сегіз осы заманғы инновациялық зертханасы ашылды.

СТУДЕНТТЕР СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ҚАРСЫ

«Қызылжар – адалдық алаңы» жобасы аясында машина жасау колледжінде “Парасаттылық сағаты” тақырыбында өткен жиында студенттер арасында парасаттылық және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы әңгіме қозғалды.

ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Петропавлда “Жеңіс жауынгерлері” жобасы 2-ші мәрте ұйымдастырылады. Әлеуметтік бастаманы 16 жастағы мектеп оқушысы Богдан Рыхликов қолға алып отыр. Ол наурыздың біріне дейін тұрғындардан Ұлы Отан соғысына қатысқан жандар мен тыл еңбеккерлерінің суреттерін қабылдайды. Кейін содан Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арнап үлкен фотоколлаж жасап шығаруды жоспарлап отыр.

ӨНЕГЕГЕ ТОЛЫ ӨМІР

Қасиетті Қызылжар топырағы бар саналы ғұмырын елдің гүлде­нуіне арнаған ардақты тұлғалар­дан кенде емес. Солардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері, аяулы азамат Сапар Дүйсенов. Сәбит Мұ­қа­нов атындағы облыстық қазақ саз­ды-драма театрында өткен сал­танатты шара барысында прокура­тура саласында абыройлы қызмет етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін кө­ріп отырған ардагер ағамыздың өне­гелі өмір жолы сыр болып шертілді. Бар өмірін …

ӨНЕГЕГЕ ТОЛЫ ӨМІР Read More »

ӨТІНІШТЕР ОРЫНДАЛМАҚ

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір бас­шы­сы Құмар Ақсақалов Оқушылар сарайындағы “Қызылжар – адалдық алаңы” кабинетінде азаматтарды қабылдады.

“NUR OTAN” – БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

Облыс әкі­мі Құмар Ақсақалов­тың төраға­лығымен Оқушылар са­ра­йында өткен “Nur Otan” партия­сы об­лыстық филиалы саяси ке­ңесінің отырысы “Сенім. Диалог. Бо­ла­шақ­қа нық қадам” деген та­қырыпта өрбіді. Жиынға партия мү­шелері, мем­лекеттік қызметшілер мен бұ­қа­ралық ақпарат құралда­рының өкілдері қатысты.

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қыркүйек айының 1-і мен 30-ы аралығында Солтүстік Қазақстан облысында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-алдын алу шарасы қолға алынды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жол қауіпсіздігі ережелерін жас жаяу жүргіншілердің есіне салу.

АЙШЫҚТЫ МЕРЕКЕ

Солтүстікқазақстандықтар еліміздің ең айшықты мерекелерінің бірі – Конституция күнін ерекше салтанатпен атап өтті. Бейбітшілік пен келісімнің негізіне айналған Ата Заңның 24 жылдығына арналған мерекелік шаралар үш күнге ұласты.

МАҢЫЗДЫ ҚАДАМДАР ЖАСАЛМАҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты алғашқы Жолдауы жарияланды. Бұл күнді еліміздегі маңызды оқиғалар тізіміне қосуға болады. Өйткені, халқымыз мемлекеттің жаңа басшысының елді дамыту бағытымен, өзіндік көзқарас-ұстанымымен танысып отыр.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНА ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Жаңа кезеңге қадам басқан еліміздің даму бағытын айқындаған биылғы Жолдаудың біз үшін маңызы зор. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты алғашқы Жолдауына ел ерекше назар аударып, алдағы ауқымды жоспарлармен танысты.

ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Петропавл қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын талқылауға арналған “дөңгелек үстел” отырысы өтті.

АЛА ТАЯҚ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Жол полицейлеріне ала таяқ қайтарылды. Қыркүйектің 1-інен бастап тәртіп сақшылары ала таяқтарын қайтадан қолға алды. Бірақ ол енді тек жол тәртібін реттеу кезінде ғана қолданылмақ.

АЖАЛЫ ОТТАН БОЛДЫ

Қыркүйектің 1-інен 2-сіне қараған түні Мамлютка қаласында жер үй отқа оранып, тілсіз жау 1953 жылы туған тұрғынның өмірін жалмады.

ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Петропавлда еліміздің әуесқой футбол командалары арасында біріншілік өтті. Турнир тамыздың 24-інде басталып, 31-інде аяқталды.

АУЫЛЫНА АДАЛ АЗАМАТ

Өңірімізде соңғы жылдары туған ауылының экономикасын көтеріп, түрлі кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы нысандарын ашып жатқан кәсіпкерлер саны артуда. Солардың бірі – Нұр-Сұлтандық Абзал Кәкімов. Елордалық инвестор өзі туып-өскен Уәлиханов ауданына қарасты Қайрат ауылында 1400 бас ірі қараға шақталған кешен салып, елді мекен тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтыды.