«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЖАЛЫ ОТТАН БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қыркүйектің 1-інен 2-сіне қараған түні Мамлютка қаласында жер үй отқа оранып, тілсіз жау 1953 жылы туған тұрғынның өмірін жалмады.

Өрт салдарынан қаза тапқан әйелдің 40 жастағы баласын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, қайғылы жайт отқа немқұрайды қараудың кесірінен орын алған.
Жалпы, жыл басынан бері өңірде 462 рет өрт оқиғасы тіркеліпті. Материалдық шығын 40 млн. теңгеден асады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төмен. Бірақ тілсіз жау 25 адамның өмірін жалмады. Оның біреуі – бала. Ал былтыр 17 тұрғын қайтыс болған.
“Мұндай фактілерді азайту үшін біз жылыту маусымы қарсаңында рейдтер өткізуді қолға алдық. Осы сәтті пайдалана отыра жерлестерімізді сақтық шараларына аса мән беруге шақырамыз”, – деді облыстық ТЖД басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы Серік Наурызбаев.

https://mtrk.kz

Сурет https://tvzvezda.ru сайтынан алынды.  

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp