«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛА ТАЯҚ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жол полицейлеріне ала таяқ қайтарылды. Қыркүйектің 1-інен бастап тәртіп сақшылары ала таяқтарын қайтадан қолға алды. Бірақ ол енді тек жол тәртібін реттеу кезінде ғана қолданылмақ.

2017 жылдың сәуірінен бастап ала таяқ қолданыстан алынып тасталған болатын. Соның салдарынан жол қозғалысын реттеу кезінде түрлі қолайсыз жағдайлар туындаса керек. Гәп мынада: мәселен, тұман түсіп, нөсер жаңбыр жауғанда және ымырт үйірілгенде полицейлердің қолмен көрсеткен ишарасы анық көрінбейді. Тұрғындар мен жүргізушілердің тарапынан осыған байланысты арыз-шағымдар жиілегендіктен, жол-патрульдік полициясына ала таяқ қайтарылды.
“Таяқшаны жол полицейлері жол-көлік оқиғалары орын алғанда, түнгі уақытта, жол нашар көрінетін кезде және бағдаршам істен шыққанда ғана қолданады. Ала таяқпен жол тәртібін реттеу кезінде тәртіп сақшылары арнайы жарық шағылыстыратын киім мен қолғап киеді”, – деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Баян Байғаскина.
Сонымен қатар, патрульдік полицейлерге көлікті қолмен белгі беріп, немесе таяқша арқылы тоқтатуға тыйым салынды. Бұл жемқорлықтың алдын алу мақсатында жасалып отырса керек.
“Машинаны тоқтату үшін енді дауыс зорайтқыш немесе арнайы жарық түсіретін құралды ғана пайдалануға болады. Ондай құрал әр қызметтік көлікте орнатылған және оларда бейнежазба камераларына дейін бар”, – деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Қанат Әлімжанов.

https://mtrk.kz

Сурет https://www.zakon.kz сайтынан алынды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp