«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қыркүйек айының 1-і мен 30-ы аралығында Солтүстік Қазақстан облысында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-алдын алу шарасы қолға алынды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жол қауіпсіздігі ережелерін жас жаяу жүргіншілердің есіне салу.

Бұл жолы өңір полицейлері Білім күніне орай өткізілген салтанатты жиындардан тыс қалмай, “Алғашқы қоңырауға” атсалысып, тағылымды шара өткізді. Соның бірі қаладағы қазақ мектеп-гимназиясында өтті. Жаңа оқу жылы басталысымен, оқушылар үй мен мектеп арасында жиі жүреді. Әрі күзге салым күн қысқарып, тез қараңғы түседі. Міне, осындайда балалардың көлік сапырылысқан көшеде аса абай болғандары жөн. Олар қырағылық танытып, барлық қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаулары қажет. Бұл күні облыс бойынша 600-ден астам тәртіп сақшысы оқушыларға осыны айтып түсіндірді. Ал 90-ға жуық автопатруль білім ошақтарына жақын жерлерде қауіпсіздікті қадағалау мақсатында кезекшілік атқарды.
“Балалар жолдан өтпес бұрын өз қауіпсіздігіне толық көз жеткізулері қажет. Қараңғы түскен кезде жарық шағылыстыратын сызықтары бар киім кию қажет екенін ескерткіміз келеді”, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы Зарима Жакина. 

https://mtrk.kz

Сурет https://mtrk.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp